Алтышаһар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтышаһар, Жеті шаһар — 1867 жылы Якуббек ханның басшылығымен құрылған мемлекет. Оның құрамына Шьіғыс Түркістандағы (ҚХР) Тарым ойпаты төңіріндегі Ақсу, Жаңашар, Қашғар, Қотан, Құшар, Яркент қалалары енген. Ең бастысы Қашғар қаласы болғандықтан бұл өлкені Қашғария, кейде Тұрпанды да қосып (Ш.Уәлихановтың жазуы бойынша 2 князьдік пен 5 округтен тұрғандықтан) Жетішаһар деп атайды. Алтышаһар қалалары шығыс пен батыстың ежелгі сауда жолдарының бойына орналасқан. Қазан рев-на дейін мұнда Орта Азия мен Қазақстаннан сауда керуендері келіп тұрды. Қазақтар малын айдап келіп, қытай маталарына, үнді шайына, тері, күміс тауарларына айырбастаған. Кезінде Қашғарда бір күннің өзінде 40 мыңға дейін мал саудаланған. Алтышаһарды еуропалықтарға ашқан Уәлиханов (1856). Өлке қалаларының тарихын, әкімшілік құрылымын, экономикасын, тұрғындарының ұлттық құрамы мен кәсібін, діни сенімі мен салт-дәстүрін Уәлиханов Қытайдың Нан-лу провинциясьшьщ алты қаласының жағдайы туралы жазбаларында көрсетті. Алтышаһар халқы (ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, тәжіктер, т.б.) қытай билеушілеріне қарсы котеріліске шығып тұрды. Мар­ко Поло заманынан кейін мұңда алғаш келген неміс саяхатшысы Адольф Шлагинвейт (Уәлихановтың алдында) осындай көтеріліс тұсында қаза тапқан.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алтышаһар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}