Алтын резерві

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gold Bars.jpg
Сақталатын алтын кесегі

Алтын резерві - әр елдің орталық банкі ие болған жалпы алтын қоры. Ол жеке тұлғалардың және үкіметтік емес ұйымдардың алтыны мен қағаз және басқа ақша-байлығын қамтымайды.

Алтын Резерві туралы деректер мен талдаулар

Сурет:Toi 250kg gold bar.jpg
Әлемдегі ең үлкен алтын кеспегі, 250 kg. Toi museum, Жапония.

1950ж. Жапонияның алтын резерві 6 тонна ғана болған екен. Ал, бүгіндері ол 765 тонна алтынымен әлемде алдыңғы 8 орында тұр. Дегенмен Жапонияның алтын қоры бұдан әлдеқайда көп. Өйткені оларда банктен алтын сатып алуға тиімді жағдай жасалған. Сондықтан ұлттық байлықтың қомақты бөлігі халықтың қолында, халықтың жеке мүлкі ретінде сақталуда.

1952ж. АҚШ алтын резерві 20663 тонна болған екен. Ал, 1968ж. АҚШ алтын резерві 10000 тоннадан төмен түсіпті.

Әлемде қазір 160 000 тонна алтын бар көрінеді. Олар төрт түрлі нұсқада сақталуда: 1.Әшекей бұйымдар 50.5%;2. жеке қаржы күйінде18.7%;3. Әр елдің банкінде сақталғаны 17.4%;4.Өндіріс, химия, электроника саласында қолданылғаны13.4%. Әлем елдерінің жалпы алтын қоры кезекте 32687.833 тонна.

Көптеген елдердің алтыны өз елінде емес, шетелде, әсіресе АҚШ, Франция, Англия... елдеріндегі Алтын банктерде сақталуда.

Сурет:Gold Reserves.png
Әлем елдерінің алтын резерві картасы

Нью-Йорк Федералды резервтік банкі (Federal Reserve Bank) әлемдегі ең үлкен алтын сақтайтын банк болып, онда әлемнің 80 шақты елінің шамамен 5000-7000 тонна алтын резерві (әлемдегі жалпы алтын қорының ширегі) сақталуда. Мысалы Италия алтын қорының жартысы Рим қаласында, жартысы осы Нью-Йорк федралды резервтік банкінде сақталуда. Бұл банк Нью-Йорк қаласы Бостандық көшесі 33 те орналасқан. Оның 12 қабатты Итальяндық үлгідегі гранит ғимаратының астында 25 метр тереңдікте (теңіз деңгейінен 15 метр терең) көп елдің алтыны жарқырай тізулі тұр. Онда 120 шақты бөлім, әр бөлімде жүздеген бөлме бар. Әр бөлім әртүрлі елдерге тән. Бірақ онда жұмыс істейтіндердің өзі қайсы бөлім қайсы елдікі екенін мүлдем білмейді.

Бірақ АҚШ алтын резервінің бәрі түгел Нью-Йоркте емес. Жартысына жуығы Кентукки штатындағы Луисвиллден ондаған шақырым алыстағы Форт Нокс әскери базасында сақталуда. Бұл жер АҚШ -тағы ең қатты қорғалатын өңір есептеледі.

Сурет:Gold-crystals.jpg
Алтын кристал, хлор газын қолданып химиялық реакция арқылы синтетикадан жасалған, тазалығы 99.99%

Әлемдегі екінші алтын сақтайтын банк - Англия Банкі. Бұл банктің алтын сақтайтын қоймасы Лондонда болғанымен, жер астындағы орны құпия, ал оның ауыр кілтінің өзі бір метр ұзын екен)) Кілтті дәу құлыпқа салғаныңызбен де алып есік ашылмайды, сіз ондағы микрофонға құпия сөзді айтуыңыз керек.

Алтын десе жұрттың есіне бірден Швейцария банкі түседі. Бірақ ол үшінші орында тұр әрі онда сақталған алтын резерв қоры белгісіз.

Франция әлемде төртінші алтынқұмар ел. Франция банкі францияның 100% алтын резервін (2435.4 тонна) өзі сақтап отыр. Париж 1 райондағы бұл банктің жер астындағы 8 қабатында футбол майданы аумағындай (11 000 шаршы метр) жерге алтындар тізіп қойылған.

Кейбір адамдар мәлім елде өз елінің дәл сондай алтын резерві бар екеніне күмән келтіреді. Мысалы неміс Peter Boehringer Германияның шетел банкіндегі алтындары утоапия деп қарады. Өйткені немістер де, неміс банктері де Нью-Йоркте Германияның сонша алтыны бар екенін санап көрген жоқ қой. Бұл Германия секілді елдерде 2012 жылдан бастап елдің алтын резервін "Елге қайтару" қозғалысын туғызды. Неміс үкіметі қазір 2020 жылға дейін Германияның 300 тонна алтын резервін Нью-Йорктен елге қайтаруды қолға алып жатыр. 2013 жылы олар Франция банкінен 32 тонна алтынды, Нью-Йорктен 5 тонна алтынды (жоспар 50 тонна болған) елге қайтарды. Алтынды елге қайтару тек Германияның ғана емес, Голландия, Швейцария, Бельгия, Венесуэла секілді біраз елдерде де жалғасын тапты. Олар өз алтындарын АҚШ басқа банктерге кепіл ретінде пайдалануы мүмкін екенін айтады, дағдарыс пен басқа себептерден бұл ұлттық қазына кемуінен және тоналуынан алаңдайды.

Ал, жекелер қолындағы алтынның шамасы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұрады екен. Әлемдік алтын кеңесі (World Gold Council) мәлімдеуінше, үндістандықтар әлемдік алтын қорының 10 пайызын, яғни 10,000 да 15,000 тоннаға дейін алтын ұстап отыр.

АҚШ -тың ең әйгілі экономисті Кейнс айтқан болатын: "Алтынның мемлекет үшін маңызы ерекше. Ол ең соңғы бекінісің, ең қажетті кезде алып шығар қорың. Ешбір басқа нәрсе оның орнын әлі баса алған жоқ".

Ал, еліміздің алтын резерві де біршама тәуір. Қазақстан 213 тонна алтынымен (әрбір қазақстандыққа 12.53 грамм) әлемде дәл қазір 23 орында (2016ж. мамыр) тұр. Бірақ алтындарымыздың қайда сақталғаны туралы қазірше нақты дерек жоқ.

Әр елдің алтын қоры

2015 жылғы әлемдегі үздік 40 елдің алтын резерві<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>"Top 40 reported official gold holdings (as at желтоқсан 2015)" is on the 25th page of the pdf file.</ref>
реті Мемлекет/Ұйым Жалпы ие болған алтыны
(Тонна)
Қордағы
алтын үлесі
1 Үлгі:Flag 8,133.5 72%
2 Үлгі:Flag 3,381.0 66%
3 International Monetary Fund 2,814.0 N.A.
4 Үлгі:Flag 2,451.8 64%
5 Үлгі:Flag 2,435.6 60%
6 Үлгі:Flag 1,762.3 2%
7 Үлгі:Flag<ref>https://www.rt.com/business/340189-russia-china-gold-trading/</ref> 1,415.0 13%
8 Үлгі:Flag 1,040.0 6%
9 Үлгі:Flag 765.2 2%
10 Үлгі:Flag 612.5 55%
11 Үлгі:Flag 557.7 5%
12 Үлгі:Flag<ref>Gold has been added to Turkey’s balance sheet as a result of a policy accepting gold in its reserve requirements from commercial banks.</ref> 515.5 16%
13 22px European Central Bank 504.8 24%
14 тайвань 423.6 3%
15 Үлгі:Flag 382.5 67%
16 Үлгі:Flag 361.0 66%
17 Үлгі:Flag 322.9 2%
18 Үлгі:Flag 310.3 8%
19 Үлгі:Flag 286.8 20%
20 Үлгі:Flag 281.6 18%
21 Үлгі:Flag 280.0 43%
22 Үлгі:Flag 227.4 32%
23 Үлгі:Flag 221.8 27%
24 Үлгі:Flag 195.8 8%
25 Үлгі:Flag 173.6 4%
26 Үлгі:Flag 152.4 3%
27 Үлгі:Flag 127.4 2%
28 Үлгі:Flag 125.7 7%
29 Үлгі:Flag 125.2 9%
30 Үлгі:Flag 121.4 2%
31 Үлгі:Flag 116.6 5%
32 Үлгі:Flag 112.6 64%
33 Bank for International Settlements 108.0 N.A.
34 Үлгі:Flag 104.4 1%
35 Үлгі:Flag 103.7 9%
36 Үлгі:Flag 102.9 4%
37 Үлгі:Flag 89.8 5%
38 Үлгі:Flag 79.9 6%
39 Үлгі:Flag 79.0 9%
40 Үлгі:Flag 78.1 3%
- Total for the Top 40 31,461.2

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер