Алтын валюта қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтын валюта қоры - мемлекеттік ұлттық банкі мен қаржы органдарында сақталатын алтын және шетелдік валюта қоры. Бұған халықаралық валюта-несие ұйымдарындағы алтын мен шетелдік валюта енеді. Алтын валюта қоры құрамына: алтын және басқа да қымбатты металдар; банкнот және тиын түріндегі шетелдік валюталар; шетелдерде сақталатын банк қаражаты; ұлттық банкіде сақталатын валюталық құнды заттар; халықаралық танымға ие резервтік активтер; шетелдік үкіметтер мен халықаралық қаржы мекемелерінен берілген кепілдікті аудармалы вексельдер кіреді. Алтын және басқа қымбат металдар халықаралық төлемдердің күшін сақтау үшін кепілдік-сақтық қор ретінде пайдаланылады. Олардан басқа валюта нарығына интервенция көмегімен өз валютасының сыртқы курсын қолдау үшін ұлттық банк шетелдік валюта түрінде қор сақтайды. Алтын валюта қорымен жасалатын шаралардан түсетін табыс көзінің бірі - банкаралық депозиттер. Қазақстан ұлттық банкісінің қаржы ісіндегі халықаралық тәжірибеде қолданылатын күрделі тәсілдерді пайдалана білуі алтын-валюта қорын көбейтуге мүмкіндік туғызады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алтын валюта қоры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}