Алтын Орда дәуіріндегі обалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтын Орда дәуіріндегі обалар – 13–14 ғасырлардағы Қазақстанның орталық, батыс, солтүстік аймақтары тұрғындарының зираттары.

1960 ж. академик Ә.Х.Марғұлан және археолог Ф.Х.Арсланова зерттеген. Павлодар облысы Ақтоғай ауданның батысындағы обалардан жерленген адамның жанына қойылған сыртында түрлі жануарлардың суреті бар қола айна, күмістен жасалған сәукеле табылды. Мұндай заттар Ертіс өзеннің сол жағалауындағы Жданов, Кашыр, Леонтьев зираттарынан да кездесті. Нұра өзеннің бойындағы обалардан 14 ғасырға жататын теңгелер және темір үзеңгі шықты. Обалардан алынған заттай деректер Алтын Орда дәуірінде қыпшақтардың материалдық және рухани мәдениетінің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.<ref>Арсланова Ф. Х., Погребения Золотоордынского времени в Павлодарской области. «По следам древних культур Казахстана», А., 1970.</ref>

Дереккөздер

<references />

Сілтемелер

Үлгі:Бастама Үлгі:Уики {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}