Алтыншаш Жамайқызы Найманова
Үлгі:Ғалым Алтыншаш Жамайқызы Найманова – физика-математика ғылымының докторы (1999), профессор (2006).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1958 жылы 17 ақпанда Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Оқан ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1983, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Қазақ КСР ҒА Математика және механика институты (қазіргі Математика және математикалық модельдеу институты) аспирантурасын (1986) бітірген.
Осы институтта Гидродинамика зертханасының кіші, аға ғылыми қызметкері (1987-2003), 2003 жылдан зертхана меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты дыбыстан жоғары турбуленттік ағындар мен көп фазалы орталарды математикалық модельдеу мәселелерін зерттеуге арналған.
"Стратификатталған ағыстарды атмосфералық құбылыстарға қолдана отырып модельдеу және зерттеу" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>