Алтынай.

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алтынай (т.-ө. ж. б.) — күйші-сазгер. 19 ғ- да Батыс Қазақстанда ғұмыр кешкен күйшілер тобының өкілі. Абыл Тарақұлының шәкірті. Оның «Ақжелең» атты күйі ғана сақталған. Екпін-ырғақтық, әуендік өрісінің дамуы жағынан бұл күй Батыс Қазақстан аспаптық музыкасының дәстүрінде туған. Күйдің ойнақы би ырғағы оның ішкі динамикалық бірлігін күшейте түседі. Е. Е. Брусиловский «Ақжелең» күйінің бір түрін «Ер Тарғын» операсында пайдаланды.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер