Алтай қасқыржидегі
Үлгі:Taxobox Алтай қасқыржидегі (Үлгі:Lang-la) – көкендер тұқымдасы, Сирек кездесетін, дәрілік эндемиктік, қалдық түрі. қасқыржидек туысына жататын бұта. Алтай, Сауыр, Маңырақ, Тарбағатай, Сарыарқа өңірлерінің тау бөктерлерінде, жапырақты ормандарында, бұталар арасында өседі. Биікт. 40 – 80 см, жапырақтары ұзынша эллипс тәрізді, ұзындығы 2 – 6 см болады. Ақ жұпар иісті. 3 – 7 гүлдері қысқа бұтақтарының ұшында орналасқан. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Жемісі – қара түсті сүйекше. А. қ-не өзінің өсетін табиғи ортада жиі болатын өрт үлкен зиян келтіреді. А. қ. – сәндік өсімдік әрі өте сирек кездесетін реликті түр. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. негізгі кауіп төндіруші - өрттер мен малды шектен тыс бағу. Азутау жотасының оңтүстік баурайында (Мрамор тауы) ботаника қорықшысын ұйымдастыру қажет
Дереккөздер
- Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы