Алтай жуасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Алтай жуасы (Үлгі:Lang-la) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдік. Алтай, Зайсан, Тарбағатай тауларында өседі. Тастақты беткейдерде, жартастарда, тау өзендерінің арна маңындағы малта тастарында өседі. Сабағы 80-100 см болатын, мықты, қампиған, ортаңғы бөлігі кеңейген, ұшына қарай тартыңқы. Жапырағы цилиндр тәрізді қылтиған, сабағынан қысқа. Жылтыраған сарғыш гүлдері гүлшоғырға жинақталған. Шілде-тамызда гүлдеп, жаздың соңы мен күздің басында жеміс береді. Вегетативті, пиязшығынан көбейтуге болады. Бактерияларды жоюға пайдаланылады. Халықтық медицинада асқазан жұмысын жақсарту үшін қолданылады. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>