Алтай арқары
Үлгі:Taxobox Алтай арқары (Үлгі:Lang-la) – жұптұяқтылар отряды, қуысмүйізділер тұқымдасының бір түрі. 19 ғ-дың басында батыс және оңт. Алтай тауларында кең таралған. 19 ғ-дың 70-жылдарында бұл тауларда ол жойылып кетті. Қазақстанда қазіргі кезде А. а. Күршім жотасында, Қалмашық өзенінің жоғарғы ағынындағы биік тау беткейлерінде және Бұқтырма су қоймасының солт.-шығыс жағындағы тауларда тіршілік етеді. Негізінен теңіз деңгейінен 800 – 3000 м биіктіктегі тау шалғындарында мекендейді. Жазда таудың альпі және субальпі белдеулерін мекендесе, күз түсе тау етектеріне қарай қоныс аударады. Қошқарының шоқтығының биікт. 125 см-ге, мүйізінің ұзындығы 129 см-ге дейін жетеді. Алтай арқары дәнді дақылдармен, шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қарашада күйлеп, сәуір – мамыр айларында төлдейді. Әдетте жалқы қозықа туады. Алтай арқары – өте бағалы аң. Саны азайып, таралу аймағы қысқарып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.
Дереккөздер
<references/>