Алматы декларациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:RIAN archive 41059 CIS heads of state.jpg
(Екінші жақта) Ресей Федерациясының Президенті Борис Ельцин, Украина Леонид Кравчук (сол жақта), Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың (сол жақтан екінші) мен Беларусь Станислав Шушкевич Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (оң жақта) президенті ТМД құру туралы хаттаманы қол қойылғаннан кейін. Қазақстан, Алматы

"Алматы декларациясы" - 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь, Молдова, Түрікменстан басшылары қол қойды. Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД-нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономикалық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді. 1991 ж. желтоқсандағы жағдайда Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда жиналуына көп күш салған Қазақстан Республикасының бастамасының нәтижесі болды. Жас тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі жоғарғы жақтың нұсқауы мен міндеттеуінсіз, өз еріктерімен жүзеге асырылды. Достастық мүшелерінің өзара қатынасы тең құқықтық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеу, шекараны бұзбау қағидаттары негізінде, ТМД мүшелері арасындағы келісіммен бекітілген тәртіппен қызмет ететін бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}