Алматы-Фрунзе-Ташкент радиорелелік желісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы-Фрунзе-Ташкент радиорелелі желі - бір қаланың бағдарламасын екіншісінде көрсету мүмкіндігі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.


Ол қалалардың студиялары Алматының хабарына бір күн арнаса, мұнда Фрунзе мен Ташкент бағдарламалары үшін бір күн бөлінді. Осылайша, Қазақ телевизиясының хабарын көретін республикадағы жарты миллион көрерменнің қатарына көршілес республикалардың тұрғындары да қосылды. Демек, 60-жылдардың басында телевизия аудиториясы миллионнан асып кеткені даусыз. Ол тұста телевизор саны 60 мыңға жетті. Рас, оның бәрі әлі түрлі түсті емес еді.

Қазақстанда Алматы, Қарағанды, Өскемен студияларымен қатар Петропавл мен Жезказғанда және Ақтөбеде жедел түрде телеорталықтар салына бастады. Сапасы жоғары ультрақысқа толқындағы радио да Қазақстан үшін жаңалық еді.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}