Алматов Алмасбек Нұрмаханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматов Алмасбек Нұрмаханұлы (13.2.1956, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Кемесалған ауылы) — жыршы-орындаушы, сыр бойындағы жыраулық дәстүрді жалғастырушылардың бірі, комсомол сыйлығының лауреаты (1986). Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін (бұрынғы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын) бітірген (1982). Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда (1988), Қызылорда гуманитарлық университетінде қызмет атқарды. ТМД елдерінде және бірнеше шетелдік қалаларында (Париж, Милан, Лондон, Женева, Стамбұл т.б.) арнайы шақыруымен болып, жыраулық дәстүр жөнінде лекция-концерттер өткізді. Алмасбектың 4 көлемді күйтабағы (1988; 1991; 1993; 1994), екі дыбыстаспасы (Франция, 1987; Жапония, 1990) шықты.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алматов Алмасбек Нұрмаханұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}