Алмас (ем)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алмас - дәстүрлі қазақы ортада кеңінен қолданылған аса күшті ем түрі. Сынап хлориді немесе сулема деп аталатын күшті химиялық зат. Ертеректе халық емшілігінде асқынған жара түрлері мен «жаман ауру» деп атаған қатерлі ісік түрлерін дауалауға қолданған. Әсіресе, адамда болатын күйдіргі, жылқыдағы жамандат жарасын қыздырған темірмен қарыған соң суға езген Алмас ертіндісімен күйдірсе тез жазылады деп есептеген. Адамдағы жаман ауру түрлерін алмастың түтінімен «ыстап» емдеген. Ол үшін жылқының құмалағының ортасын ойып алмас түйірін салады да, құмалақты тұтатып, оның түтінін дененің ауру бөлігіне қарай жіберген. Сондай-ақ малда кездесетін қыршаңқы, көнтек сияқты тері ауруларын емдеуге қолданған. Сонымен қатар, қой түлігі айналма немесе тентек ауруына шалдыққан кезде қойдың бас сүйегін бізбен тесіп, жара орнына алмас салған. Мал пішу ксзінде қысқаш ағашты алмас ерітіндісіне шалып алса, жара асқынбай тез жазылады деп есептеген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алмас (ем)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}