Алмас Кәдірбекұлы Садубаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Алмас Кәдірбекұлы Садубаев (1984 жылы 25 қыркүйекте Жамбыл облысы Тараз қаласында туған) — журналист, Қазақстан Республикасы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры.

Білімі

Қызмет жолы

Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы Облыстық радиода жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.

  • 2004 жылдан бастап облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы;
  • 2005-2008 жылдар аралығында Астана қаласында «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы, PR-директор қызметтерін атқарған.
  • 2008-2010 жылдары Алматы қаласында Республикалық «Заң газеті» мен «Заң» журналының бас редакторы,
  • 2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасының баспасөз хатшысы.
  • 2010-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы болып қызмет істеген.
  • 2011-2015 жылдар аралығында «ҚР ІІО Медиа орталығы» ЖШС-нің бас директоры.
  • 2015 жылдың 25 ақпанынан бастап Министрдің баспасөз хатшысы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры.

Қоғамдық қызметі

Қазақстанның Бас редакторлар клубының вице-президенті.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының Үздігі;
  • "Астанаға 10 жыл" медалі;
  • "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі;
  • "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.