Алмасу реакциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алмасу реакциясы – қосылыстардағы атомдарды немесе атомдар тобын басқа атомдарға немесе атомдар тобына ауыстыру арқылы жүретін химиялық реакция.

  • Мысалы, хлорлау реакциясы: CH4 + Cl2 * CН3Cl + HСl. Алмасу реакциясына конденсаттау және поликонденсаттау реакциялары да жатады. Бұл реакцияларда (изотопты ауыстыру, бос радикалды, электрофилді және нуклеофилді алмасу ракциялары) байланыс сандары өзгермейді, тек атомдық-молекулалық бөлшектер ауысады.
  • Мысалы, H2SO4 + D2O * HDSO4 + HDO; C6H6 + HONO2 * H2O + C6H5NO2; CH3Br + HOH  CH3OH + HBr, т.б.

Бұл реакция типіне тек екі күрделі заттың әрекеттесуі мысал бола алады. Олар өзара құрам бөліктерімен алмасып, жаңа екі зат түзеді. Мәселен, сынауықтың түбіне қара түсті мыс оксидінің ұнтағын салып, үстіне күкірт қышқылының ерітіндісін құяды. Екеуі әрекеттесіп, біртекті әдемі көкшіл түсті тотияйының ерітіндісіне айналады.(Қажет болса түзілген ерітіндіні буландырып, суалта отырып, тотияйынның өзін кристалдап алуға болады). Осы екі заттың әрекеттесуінен химиялық реакция теңдеуі:

CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы Химия 8 сынып оқулығы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}