Аллоним
Аллоним - географиялық обьектінің нұскаулық атауы және т.б. (орысша Георгий- Юрий, Константинополь - Стамбул).<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.
ISBN 9965-08-235-9</ref>
Аллоним (Үлгі:Lang-grc-бөтен, бөгде, Үлгі:Lang-grc - есім) - қаламгерлердің өз атыжөнін мүлде қолданбай, автор ретінде өзге бір есімді бүтіндей иеленуі. Мысалы Париж коммунасыпың белгілі қайраткері Паскаль Груссе революция жеңіліске ұшырағаннан кейін Жаңа Каледонияға жер аударылады да, одан қашып шығып, басқа фамилиямен өмір кешіп, өзінің ғажайып окиғаларға толы романдарын Андре Лори деген атпен жариялап отырған. Беларусьақыны К.М.Мицкевичтің туындыларына өз атын көрсетпей Якуб Колас деп қоюының басты себептерінің бірі, ұлы поляк ақыны Адам Мицкевичпен фамилиялас болуы еді. Орыс әдебиетінде М.Горькийдің өз атыжөні - А.Пешковт. Қазақәдебиетінің өкілдеріде аллонимді қолданып жүр. Әкім Таразидің өз атыжөні - Ә.Әшімов, т.б.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify <references/>