Алиса Алексеевна Пнева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Пнева Алиса Алексеевна

<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> -(1935 ж. т., Алматы) – көгалдандырушы-техник, Қазақстанның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен тұрмыс қызметінің еңбек сіңірген қызметкері. Пнева Маңғыстауға Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты мен Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми экспедициясының құрамында 1961 ж. келді. Экспедицияның мақсаты – қуаң даланы көгалдандырып, оны адам игілігіне жарату болатын. Пнева өлке өңірін көгалдандырумен шұғылданды. Оның ұйымдастыруымен жыл сайын Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарын, кәсіпорындарын және кенттерін көгалдандыру үшін 200 мың түп ағаштар мен бұталар, 500 мың гүл көшеттері, 100 мың қызғалдақ, т.б. түйнекті өсімдіктер отырғызылды. Соңғы жылдары облыс аумағында 150 мың га шөл дала көгалдандырылды. Пневаның басшылығымен егілген көкөніс түрлерінен жылына 250 – 3000 ц өнім алынады. <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub