Алик Серікұлы Айдарбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Алик Серікұлы Айдарбаев (19 мамыр 1963 жыл, Александровка ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы) — Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, инженер-мұнайшы. Маңғыстау облысы мен ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы.

Өмірбаяны

Шапырашты руынан шыққан.<ref>Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТ</ref><ref>Новая Газета Казахстан - Пройти по черте</ref>

В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген <ref>Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты Үлгі:Webarchive</ref>.

1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Әртүрлі жылдарда «Оңтүстікқазмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды.

1995-2009 жылдары «Торғай Петролеум» АҚ және 2009-2011 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды.

2011 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры.

2011 жылдан 2013 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры болып жұмыс істеді.

2013 жылдан 2017 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі болды.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2018 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

2018 жылдан 2022 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды.<ref>Айдарбаев Алик Серикович (персональная справка)</ref>

2025 жылғы сәуірден бастап «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС директорының теңіз істері жөніндегі орынбасары.<ref>Алик Айдарбаев получил пост в "дочке" Лукойла - источник</ref>

2025 жылы маусымда «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.<ref>Экс-глава КМГ возглавил ТОО Kalamkas-Khazar Operating</ref>

Дереккөздер

<references/>