Алие Мәмедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алие Мәмедов (1920-1994) - Түрік Күрдістанының Бан облысында туған. 1926 жылы Арменияға келеді. Еревандағы Мравьян атындағы курд педагогика техникумын бітіреді.

Еңбек жолы

Мұғалім болып жұмыс істейді, әскерге шақырылып, партизан отрядында болып соғысқа қатысады. Соғыстан соң Әзірбайжан Мемлекеттік педагогикалық институтын бітіреді, ұзақ жылдар «Рйа Таза» газетінде қызмет істейді.

Еңбектері

1959 жылы «Хатэ Ханым» деген атпен тұңғыш кітабы жарық көрді. 1971 жылдан КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Оның қаламынан «Таудағы соғыс» романы, «Гунде Мерхаса» («Ерлер ауылы») атты прозалық және «Де» («Ана»), «Гулистан», «Хафата мын» (« Менің арманым »), « Почтение » атты поэзиялық туындылары жарық көрген. Көптеген шығармалары орыс, Әзірбайжан, армян тілдеріне аударылған. Әзірбайжанның ұлы ақындары Самед Вургун, Расул Рза, Ашук Аласкердің жырларын курд тіліне аударған. 1990 жылдан бастап ол Алматыда өмір кешті. Осы уақытта ол ұлы [[Абай Құнанбайұлы|Абайдың, Олжас Сүлейменовтің кейбір жырларын курд тіліне аударды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}