Алжир тележүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алжир тележүйесі - араб еліндегі алғашқы теледидар жүйесі. Ол 1956 жылы француз теледидарының хабарларын тікелей трансляцияласа, кейіннен Еуровидение жүйесі арқылы хабарлар таратты. 1962 жылы теледидар Мароккода, ал 1966 жылы Тунисте пайда болды. Бұл елдегі телехабарлар бұрынғы метрополияның тікелей ықпалымен дамыды, ұлттық бағдарламаларының өзі француз үлгісінде қалыптасты <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

Телехабарлар "Радиодифьюзион - Телевизион Алжирьен" (РТА) мемл. радиотелеқызметі арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде Алжир, Оран, Константинада үш телеорталық жұмыс істейді. Елде телетрансляцияның екі жүйесі қабылданған: француздық және жалпыеуропалық. 1970 жылдан бастап Канар аралдарындағы қабылдағыштар арқылы РТА "Еуровидениені", ал Американың спутниктік байланысы арқылы "Интервидениені" қабылдады.

"Магрибвизьон" тележүйесі қатарға қосылғаннан кейін Алжир, Тунис және Марокко телеканалдары қосылды. Осы жүйенің шеңберінде ақпараттар және телефильмдер алмасу жүзеге асырылады. Түрлі-түсті хабарлар Батыс Германияның Пал жүйесі бойынша көрсетіледі. Алжирде 1985 жылы бастап спутниктік теледидарды бес миллионнан астам адам көрді (бұл ел тұрғындарының үштен бірі). Алайда, бұл жағдай көпке бармады, екі жылдан кейін үкімет шетелден қабылдайтын құрал-жабдық сатып алуға тыйым салды. Елде мұндай қондырғы өндірілмегендіктен спутниктік теледидардың өркендеуіне кедергі келтірді.

Келесі жылы ақпарат алуға шектеу қоятын мұндай тыйым жұртшылықтың қарсы шығуы арқасында алынып тасталды. Біртіндеп спутниктік теледидар жаппай үрдіске айналды. Алжирде спутниктік теледидар 1994 жылы пайда болды. Бұл кезде Африкаға, Еуропада, Таяу Шығысқа, Азияның кейбір бөліктеріне, Солт. және Оңт. Америкаға EUTELSAT2-F3 спутнигі арқылы тұрақты трансляция бере бастаған еді. Осы уақытта мемл. спутниктік Algerian TV каналы "Время" ақпараттық бағдарламасын араб тілінде және Алжирдің басқа халықтарының тілінде бере бастады. Мәдени, діни бағдарламалар, драмалық хабарлар және француз көркем фильмдерін трансляциялады.

Телехабарларда Алжирдің туристік мүмкіншілігіне көп көңіл бөлінеді, шетелдік көрерменге оның жағалаулары мен қызмет көрсету жетістіктерін таныстырады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}