Александр архипелагы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен

Сурет:Alexander archipelago.jpg
Ғарыштан түскен сурет

Александр архипелагы - (Үлгі:Lang-en) - Солтүстік Американың батыс жағалауындағы 1100-дей ұсақ аралдар тобы. Жері 36,8 мың кm². АҚШ-тың Аляска штатына қарайды.

1741 ж. Беринг және Чириков басқарған орыс экспедициясы ашқан. 1867 ж. Аляскамен бірге АҚШ-қа Ресеймен сатылған. Атауы орыс императоры Александр ІІ-нің құрметіне қойылған.

Ірі аралдары:

  • Принца Уэльс (Аляска) — 6675 км², 6000 адам (2000)
  • Чичагов — 5305,9 км², 1342 адам (2000)
  • Адмиралтейство — 4264,1 км², 650 адам (2000)
  • Баранов — 4162 км², 8532 адам (2000)
  • Купреянов — 2802 км², 785 адам (2000)
  • Ревильяхихедо — 2755 км², 13 950 адам (2000)
  • Куиу — 1962 км², 10 адам (2000)
  • Этолин — 878 км², 15 адам (2000)
  • Даль — 657 км², 20 адам (2000)
  • Митков — 546 км², 3364 адам (2000)
  • Врангель (АҚШ) — 544 км², 2401 адам (2000)

Рельефі таулы келеді (биіктігі – 1432 м-ге дейін). Тау беткейлерінде (1000-1100 м-ге дейін) қалың жапырақты орман, одан жоғары тау шалғыны.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commonscat-inline

Үлгі:Тынық мұхит