Александр Николаевич Сорокин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Александр Николаевич Сорокин (22 сәуір 1954, Тынзанский кенті, Амур облысы, РКФСР) — кеңестік және қазақстандық әскери ұшқыш, Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты.

Өмірбаяны

Харьков жоғары әскери әуе ұшқыштар училищесін (1975), Ю.А.Гагарин атындағы әскери- әуе академиясын бітірген (1992). Харьков ұшқыштар жоғары әскери авиациялык; училищесініц курсанты, Әуе армиясы Қолбасшысының қарамағында, Ортаазиялық ӘО Әуе Армиясы аралас авиациялық дивизиясы жойғыш бомбалаушылар авияциялық полкінің ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялык звено командирі (1975-83), ӘӘК штабының бастығы, авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары, жойғыш бомбалаушылар авиациялық дивизиясы жойғыш бомбалаушылар авиациялық полкының аға ұшқышы, жойғыш бомбалаушылар авиациялық полкі авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары, эскадрилья командирі (1983-89), ӘӘК аралас авиациялық дивизиясының (Орта Азия әскери округі аумағында) ұшу қауіпсіздігі қызметінің бастығы, аға инспекторы, Әуе әскері қолбасышысының қарамағында, Аралас авиациялық корпусы гвардиялық авиациялық дивизиясының аға инспектор ұшқышы (1989— 92), ҚР Әскери-әуе күштері гвардиялық аралас авиациялық дивизиясы жойғыш бомбалаушылар авиациялық полкінің, 21751 әскери бөлімінің командирі (1992-2002), ҚР ҚК ӘҚК қолбасшысыныц авиация бойынша орынбасары, ӘҚК қолбасшысы басқармасының бастығы (2002-04), ҚР ҚК ӘҚК Бас қолбасшысының (Әуе қорғанысы күштері бойынша) орынбасары, ҚР ҚК ӘҚК Бас қолбасшысының орынбасары (2002-07), 2007 жылы қыркүйегінен ҚР ҚК ӘҚК-нің Бас қолбасшысы. «Даңқ» ордені (1994), медальдармен марапатталған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify



Үлгі:Stub