Александр Николаевич Подольских
Александр Николаевич Подольских – Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері.<ref name="KyzylordaNews" /><ref name="Syrboyi" />
Өмірбаяны және ғылыми зерттеулері
Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1959 жылы дүниеге келді.<ref name="KyzylordaNews">"Изобретатель, рационализатор", Kyzylorda-News.kz. 11 желтоқсан 2017.</ref> Оренбург ауыл шаруашылығы институтының түлегі, кейіннен Краснодар қаласындағы Бүкілодақтық күріш ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында күндізгі оқу бөлімінде білім алды.<ref name="KyzylordaNews" /> Осы жылдары Александр Подольскихтің ұстаздары В.Н. Дзюба, А.П. Сметанин, Г.Л. Зеленский, В.С. Ковалев, В.Н. Шиловский болды.<ref name="KyzylordaNews" /> 11 жыл бойы Қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының селекция бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.<ref name="KyzylordaNews" />
1990 жылы «Сравнительная оценка исходных сортов и образцов риса с ЦМС в процессе создания стерильных аналогов» (ЦМС-і бар күріштің бастапқы сорттары мен үлгілерін стерильді аналогтарды жасау процесінде салыстырмалы бағалау) тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.<ref name="KyzylordaNews" /> 1995 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін институттың селекция бөлімін басқарып, Қазақстанда жоғары сортты күрішті селекциялау ісін жалғастыруда. Подольскихтің басты үлгі тұтар тұлғалары мен әріптестері: А.Н. Хван, А. Алтынбеков, А. Байзақов, А. Құрамысов, Г.А. Верещагин, Қ. Бәкірұлы болды.<ref name="KzVesti">"Человек большой доброты", Кызылординские Вести. 13 қазан 2022.</ref>
Будандастыру көлемін он есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін, селекция процесінің нәтижелілігін арттыратын генетика мен селекцияның заманауи әдістерін қолдана отырып, күріш сорттарын таңдау тиімділігін арттыру мақсатында өзіндік төл әдістемесін жасап шығарды.<ref name="Syrboyi">"Әрбір күріш сорты жанды организм секілді", Syrboyi.kz. 27 қазан 2018.</ref> Жаңа әдістің арқасында күріш өндірісінде тиімді пайдаланылып жүрген «Арал 202», «Ару», «Арал 69», «Арал 318», «Арал 4», «Арал 6» күріш сорттары шығарылды.<ref name="KyzylordaNews" />
2003 жылы қорғаған докторлық диссертациясы ең үздік зерттеу жұмыстарының бірі деп танылды.<ref name="KyzylordaNews" />
Александр Подольских – 150-ден астам ғылыми мақаланың және күріш селекциясының жаңа әдістерін шығарудағы бірнеше патенттердің авторы.<ref name="Syrboyi" /><ref name="Parasat">"Электронный каталог", «Parasat» IEC.</ref> Ол жүйелі түрде селекция мәселелерімен айналысады. Күріштің жаңа «ҚазҒЗИК 5» (ҚазНИИР 5), «ҚазҒЗИК 6» (ҚазНИИР 6) және әлемдік стандарттарға сай келетін «Айсара» сорттарын шығарушылардың бірі болып табылады.<ref name="Baibolsyn">"Рис сорт Айсара", Baibolsyn.kz.</ref><ref name="Khabar">"Новый сорт риса «Айсара» вывели кызылординские селекционеры", Khabar.kz. 1 сәуір 2021.</ref>
Қазіргі уақытта А.Н. Подольских жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген, жоғары өнімді, астық сапасы жоғары күріштің жаңа сорттарын өсіру бойынша белсенді зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.<ref name="Cyberleninka">"Влияние цитоплазматических эффектов на прорастание гибридов риса", Cyberleninka.ru.</ref> Александр Подольскийдің ғылымдағы ұзақ еңбегі – сүйікті ісіне шексіз берілгендігінің жарқын үлгісі болып табылады.