Александр Михайлович Чеховских
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Александр Михайлович Чеховских (1936, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ешім ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1988), профессор (1991).
Қарағанды политехникалық институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. ҚР Кен апатынан құтқару ғылыми-зерттеу институтының бас директоры (1992) болды. 2005 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде профессор қызметін атқарады.
130-дан астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>