Александр Мелентьевич Волков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Жазушы А.М.Волков 1891 жылы 14 маусымда Өскемен қаласында туған.

Еңбекжолы

1907 жылы Томскідегі мұғалімдер институтына түсіп, оны бітірген соң Колываньда, Ярославльде мұғалім болып қызмет істеді. Ол 1912-1926 жылдары осында физика мен математика пәндерінен сабақ берген.

1929 жылы А.М.Волков Москва мемлекеттік университетінің математика бөліміне түсіп, оны мерзімінен бұрын бітіріп шықты. Ол көп жыл Москваның Калинин атындағы алтын және түсті металдар институтында жоғарғы математикадан лекция оқыды. Елу жылға жуық ұстаздық қызметінде бірнеше ғылым қайраткерлерін даярлап шығарды.

Еңбектері

Александр Мелентьевич Волков әдебиеттегі алғашқы қадамын Өскеменде жасады. Ол балаларға арнап жиырмадан аса кітап жазған. Балалық шағында көрген естен кетпес естеліктері кейіннен "Ғажайып шар", "Ағайынды екі жігіт", "Сәулетшілер", "Царьград тұтқыны" шығармаларын жазуға септігін тигізді. Сонымен бірге " Алпыс жыл. Өткендегі мен қазіргі туралы повесть " атты қолжазбасында да көрініс тапты.

"Ғажайып шар" романы орыстың тұңғыш ауада ұшатын ұшқышы туралы жазылған шығарма. Бұл А.С.Макаренконың қолдауымен 1940 жылы тұңғыш рет жарық көрді. Шығарманы жазуға автордың көне шежіреден тауып алған шағын әңгімесі себепші болды. Әңгіме негізінде бірінші ауа шары, оны жасаған орыс адамы туралы жазу мүмкін емес еді. А.М.Волков орыс ғалымы Дмитрий Ракитинді аэростатты ойлап табушы және оны М.В. Ломоносовтың шәкірті етіп көрсетеді.

" Ағайынды екі жігіт" романы 1950 жылы жазылды. Кейін кітап орыс, румын, поляк, қытай тілдерінде басылып шықты. Жазушының "Лағылтас қаласының сиқыршысы", "Урфин Джюс астындағы жеті король", "Маррандардың отты құдайы", "Сары тұман және иесіз қалған замоктың құпиясы" ертегі-повестерінің жазылу тарихы да қызық.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА