Александр Лазаревич Жовтис

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Александр Лазаревич Жовтис (5.4.1923, Украина, Винница қаласы – 4.11.1999, Алматы қаласы) – ақын, аудармашы, филология ғылыми докторлық (1975), професор (1981).


1946 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, «Ленинская смена» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болған. Кейін оқытушылық қызметке ауысып, ҚазМУ-де ұстаздық еткен. 1954 жылы «Кеңес тарихи романдарының проблемалары жайында» кандидаттық диссертация қорғаған. 1978 жылдан бері Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында орыс және шетел әдебиеті кафедрасында профессор боп істеген. 1975 жылы «Еркін өлеңнің проблемалары және өлеңдік формалардың эволюциясы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Абай, С.Торайғыров, Ж.Сыздықов, Ж.Молдағалиевтердің бірқатар шығармасын орыс тіліне аударған. Қазақтың халық әндерінің сөзін тәржімалап, «На свете красивых нет» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. 1977 жылы Мәскеуде «Художественная литература» баспасынан «Огонек степи» деген атпен С.Торайғыров өлеңдерінің таңдамалы жинағын бастырды. «Қар жамылған бамбук», «VIII — XIX ғасырдағы корей поэзиясының антологиясы» атты аударма кітаптарын шығарды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармалары

  • Стихи нужны. Научный труд. А., «Жазушы», 1968;
  • На свете красивых нет. Казахские песни. Аударма. А., «Жазушы», 1980;
  • Эхо. Книга избранных переводов. А., «Жазушы», 1984<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}