Александр Васильевич Кучма

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Александр Валерьевич Кучма (9 желтоқсан 1980 жыл<ref>https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/32982</ref>, Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнаған. 2006 жылғы Қазақстан чемпионы.

Карьерасы

Тараз футболының түлегі. Карьерасында Қазақстан, Польша және Германия клубтарында ойнаған. 2005 жылы Польшаның "Рух" клубында ойнап жүріп ұлттық құрамаға шақырту алды. 17 тамызда Алматыда Грузиямен өткен 2006 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде тұңғыш рет Қазақстан құрамасы сапында алаңға шықты. Сол жылы 12 қазанда Дания қақпасына тұңғыш голын соқты. Бұл екі кездесуде де Қазақстан 1:2 есебімен ұтылды.

2006 жылы Қазақстанға оралып, "Астана-1964" клубына ауысты. Сол жылдың соңында Қазақстан чемпионы атанды.

2006 жылы құрама тізгінін Арно Пайперс ұстаған соң жиі шақырылып, алаңға тұрақты түрде шығып жүрді. 2006 жылы 2 шілдеде Тәжікстанмен жолдастық кездесуде құрама сапындағы екінші голын соқты.

2008 жылы Арно Пайперс қызметтен кеткесін құрамаға шақырылған жоқ. Сол жылдың соңында "Астана-1964" клубы банкротқа ұшырады да, Кучма клубтан кетті.

Кейінгі карьерасында бірнеше қазақстандық клубтарда ойнады да, 2014 жылы футбол ойнауды доғарды.

Жетістіктері

  • Қазақстан чемпионы (1): 2006

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама