Александр Васильевич Бричкин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Александр Васильевич Бричкин (2.11.1900, Ресей, Рязань губерниясы Михайлов қаласы — 5.2.1971, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1941), проффессор (1942), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1968). Томск технологиялық институтын бітірген (1924).

1924 — 41 жылы Ресейдің әр түрлі өндіріс орындары мен жоғары оқу орындарында қызмет етті.

1941 — 71 жылы Қазақ кен-металлургия институтында (қазіргі ҚазҰТУ) кафедра меңгерушісі болды.

Негізгі ғылыми еңбектері қопару ұңғымаларын термиялық әдіспен бұрғылауға, қатты тау жыныстары мен темір-бетон бұйымдарын отпен кесіп өңдеуге арналған. 35 өнертабыстың авторы. Екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдермен марапатталған.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Сілтемелер

1. «Бричкин Александр Васильевич » 2. «Бричкин А. В.» 3. "В годы суровых испытаний (1941-1945 жж.)" Үлгі:Webarchive

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub