Александр Валерьевич Скляров
Үлгі:Футболшы Александр Валерьевич Скляров (18 қараша 1971, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы
Клубтық
Карьерасын 1989 жылы Шымкенттің "Мелиоратор" клубында бастап, КСРО чемпионатының екінші лигасында ойнады. 1992 жылы "Қайратқа" шақырылды. 1993 жылдың ортасында туған клубы "Жігерге" (сол бұрын ойнаған командасының атауы өзгерген) қайта келіп маусым соңына дейін ойнады.
1994 жылы Ресейге кетті де, "Балтика", "Уралмаш" секілді төменгі лига клубтарында доп тепті.
1999 жылы "Қайсар-Харрикейнде" жарты маусым ойнады. Жыл ортасында "Синтез" клубына ауысты. Кейінгі жылдары "Ақтөбе", "Тараз", "Ордабасы" клубтарында ойнады, бірақ ешқайсысында бір жылдан артық тұрақтамады.
Ұлттық құрамада
1992 жылы 16 шілдеде Қазақстан - Ливия жолдастық кездесуінде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Сол жылы 26 қыркүйек күні Қырғызстан құрамасымен ойынға қатысты. Араға бес жыл салып, 1997 жылы мамыр айында ӘЧ-1998 іріктеуіндегі Пәкістанға қарсы ойында алаңға шықты, бұл оның құрамадағы соңғы ойыны болатын. Осылайша құрама сапында үш ойын ғана өткізді.
Жетістіктері
Клубтық
- Қазақстан чемпионы: 1992
- Қазақстан кубогының иегері: 1992, 1999