Александр Афанасьевич Федянин
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
{{#invoke:Message box|ambox}}
Александр Афанасьевич Федянин (25 ақпан 1947 жыл Қарағанды қаласы) - әнші.
Орыс. Әкесі - Федянин Афанасий Ильич, марқұм. Анасы -Бухарина Мария Семеновна, марқұм.
- Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының оркестр факультетін бітірген (1970), оркестрдің солисі, оқытушы.
- «Қазақ базарлығы», «Вариациялы қазақ тақырыбы», «Ыбырай әні», «Испан рапсодиясы», «Сентименталды вальс», «Фанфаралар және марш», «Фугетта», «Ноктюрн», «Религиозо», «Романс», «Ақ Жайық» музыкалық шығармаларының авторы. «Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың басты нысаны», «Ғ. Жұбанованың «Жігер» симфониясының мифологиялық тамырлары», «С. Прокофьевтің 8-ші сонатасы поэтикасының негізіндегі ритуал» мақалаларының авторы.
- Орыс, қазақ (сөздікпен) және неміс тілдерін біледі.
- 1969 жылдан - Мемлекеттік симфониялық оркестрдің тромбондар тобының концертмейстері.
- 1975 жылдан - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы.
- 1994 жылдан бері - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында оркестр аспаптары кафедрасының оқытушысы, профессор (2003 жылдан).
- «Алматы тромбондары» квартетінің жетекшісі.
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).
- Халықаралық конкурстың лауреаты (1992).
- Мәдениет қайраткері (2000).
- Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2003).
- Тұл ер. Жұбайы - Сатылғанова Л.Д., марқұм. Ұлы - Федянин Сергей Александрович; қызы - Федянина Мария Александровна.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub