Александр Алексеевич Мыцык

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}

Александр Алексеевич Мыцык - 1950 жылы 4 наурызда Көкшетау облысы Степняк ауылында туған. Орыс. Қарағанды педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1979), жаттықтырушы-оқытушы. Орыс, ағылшын, парсы тілдерін біледі.

  • 1973 жылдан - «Еңбек резервтері» БЕСҚ Қарағанды облыстық кеңесінің жаттықтырушысы.
  • 1979 жылдан - Қарағанды облыстық ЖСШМ аға жаттықтырушысы.
  • 1986 жылдан - Ауғанстан республикасында кеңесші.
  • 1988 жылдан - Қарағанды облыстық ЖСШМ аға жаттықтырушысы.
  • 1999 жылдан бері - ҚР ҚМ АОСК Қарағанды филиалының бастығы. Қарағанды «АОСК» ОБ президенті (1992 жылдан). Еркін күрестен 6 мәрте Қазақстан чемпионы; КСРО Чемпионатының күміс жүлдегері (Красноярск, 1973); халықаралық турнирдің финалшысы (1971), жеңімпазы (Куба, 1976, 1979; Братислава, 1975); халықаралық турнирдің (Варна, 1974), Тбилиси турнирінің қола жүлдегері (1972); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Торонто, 1993); ардагерлер арасындағы әлем чемпион (София, 1995); Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы; КСРО чемпионатының жүлдегері; ардагерлер арасындағы әлем чемпионы (1995). Халықаралық санаттағы экстра-классты төреші (1996). ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1989). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). ҚР спортының Құрметті қайраткері (2005). Сәуір төңкерісі (Ауғанстан, 1988), «Қызметі үшін» ордендерімен (ТМД Ауғанстан ардагерлерініңодағы, 2004); Сәуір төңкерісі (Ауғанстан, 1987), «ҚР ҚК адал қызметі үшін» медальдарымен марапатталған (2008).

Әскери атағы - запастағы майор.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».
Хоббиі - жұлдызшалар жинау (фалеристика).
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиеттер.

Үйленген. Жұбайы - Разина Людмила Евгеньевна, кәсіпкер. Ұлы - Антон; қызы - Ирина.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub