Александр Абрамович Рабинович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Александр Абрамович Рабинович (1936, Әзірбайжан) - ғалым. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1972), Философия докторы.

Өмірбаяны

Әзірбайжан өнеркәсіп институтын бітірген (1958).

  • 1961-1967 жылдары - «Маңғышлақмұнай» бірлестігі геологиялық бөлімінің аға геологы.
  • 1967-1973 жылдары - Маңғышлақ геология барлау-тақырыптық партиясының бастығы.
  • 1973- 1996 жылдары - Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтында мұнай-газ кен орындарын іздестіру және барлау лабораториясының меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.
  • 1996 жылдан - зейнеткер.
  • 2000 жылдан - ЖШС «Оптимум» тағайындаушысы және директоры.

Марапаттары

ҚР жер қойнауларының құрметті барлаушысы. Оңтүстік Жетібай кен орнының тұңғыш ашушысы. Медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}