Александров сайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Александров сайыСолтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағында орналасқан сай. Александров ауылынан оңтүстікке қарай 3 км жерден басталып, Есіл өзенінің оң жағына тіреледі. Ұзындығы 6,6 км, су жиналатын алабы 148 км. Қайыңды ормандар шоғыры алабының 21%-ын алады. Далалық жерінің жартысынан астамы жыртылған. Александров сайы бастауында ені 10 м-ден бастап, сағасында 200 м-ге дейін кеңейеді. Шымнан құралған беткейі тік, биіктігі 15 – 20 м. Жыралар мен құрғақ өзектер терең тілімденген. Арнаның жазғы уақыттағы тереңдігі 6 – 10 м-ден 14 м-ге дейін ауытқиды. Ағын жылдамдығы 0,1 – 0,4 м/с. Жайылым ені 4 – 10 м, құмайтты, шалғынды, саға тұсын бұта басқан. Су мол жылдарда ғана ағыны қатты келеді. Жаз бен күздегі ағыны мардымсыз және жер асты суына тікелей байланысты болады. Көктемде судың минералдылығы 150 – 800 мг/л шамасында, кермектілігі 20 – 60 мг/экв. Жазда минералдылығы 1,0 – 1,2, г/л дейін жетеді, ал кермектілігі 8,0 – 9,0 мг/экв-ға дейін ұлғаяды. Суы гидрокарбонаттық сипатта. Сағадан 1,6 км тұста топырақ бөгетінің көмегімен ұзындығы 84 м және тереңдігі 0,5 м болатын Жапырақ бөгеті салынған. Суы жазғы-күзгі кезде мал суару үшін пайдаланылады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}