Алдын-ала тергеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алдын-ала тергеу — қылмыстық процестің кезеңдік сатысы. Оның барысында істің дұрыс шешімін табу үшін маңызды барлық мән-жайлар бойынша тергеуші дәлелдемелер жинап, тексереді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> Алдын-ала тергеу қылмыстық іс қозғалғаннан соң басталады да, айыптау қорытындысын прокурорға жолдаған немесе қылмыстық істі доғарған кезде аяқталады. Анықтау жүргізілген істер бойынша Алдын-ала тергеу ол аяқталған соң басталады. Алдын-ала тергеуді ішкі істер органдарының, ҰХК-інің, салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді және ол екі айлық мерзімнен ұзамай аяқталуға тиіс. Алайда осы мерзімді 6 айға және одан да көп уақытқа ұзарту тәртібі де арнаулы заңда көзделген. Алдын-ала тергеуді бір немесе бірнеше тергеуші жүргізеді. Оның заңға сәйкестігін прокурор қадағалайды.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алдын-ала тергеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ru:Предварительное следствие