Алдияр батыр
Үлгі:Әскери қайраткер Алдияр Елкеұлы (1641, Ертіс өзені бойы – 1712, қазіргі Шығыс Қазақстан Сарқан облысы) – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен аға батыр, қолбасшы. Тәуке ханның бас қолбасшысы, есімі Орта жүз Найман ішінде Садыр руының ұранына айналған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Алдияр туралы жазба деректер Қазақстан мен Қырғызстанда сақталған. Ол өз еліндегі Тауымбет сияқты ру басшыларымен сиыса алмай, қырғыз манабы Сарудың қарамағында қызмет атқарған. Жасы отыздан асқанда қырғыз қызы Ханшайымғa үйленіп, одан Қырықсадақ, Қырғызшора деген ұлдары дүниеге келеді. Кейін Тәуке ханның шақыруымен елге оралады. Бірақ Тәукенің Жоңғар хандығына қарсы кейбір әрекеттеріне наразы болады. Тәуке Севан Рабданның өз ордасына келген елшілерін қырып тастамақ болады. Бұған Алдияр бастаған бірнеше батыр қарулы қарсылық көрсетіп, елшілікті аман-сау еліне қайтарады. Бұл оқиға шамамен 1704-05 жылдары болған. Тәуке жасақтарымен болған қақтығыста Алдиярдың інісі Майдан бастаған көп адам қаза табады. Алдияр 1696, 1698, 1701, 1710 жылдардағы қазақ-қалмақ шайқастарының бел ортасында жүріп, садыр руы жасағына аға батыр болған. батырдың Қырықсадақ пен Қырғызшорыдан басқа Қуат, Кенембай, Дөненбай (шешелері Таубике), Асан, Медет, Кенжебай (шешелері Ежеп), Ақпан, Тоқпан (шешелері Жібек) деген 8 ұлы болғаны белгілі. Шыршық өзенінің жағасындағы Төлегетай-Қылышты ата дейтін ескі зиратқа жерленген.
Дереккөздер
<references/>