Алдашбай ахун ауылы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Алдашбай ахун ауылыҚызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Алдашбай ахун ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км жерде.

Тарихы

Іргесі 1929 жылы Карл Маркс атындағы ұжымшар орталығы ретінде қаланған. 1986 жылдан бастап "Майлыөзек" кеңшарының орталығы. 1996 жылы кеңшар жекешелендіріп “Майлыөзек” шаруа серіктестігі құрылды. Дауылкөл ауылдық округіне қарайды.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 947 адам (490 ер адам және 457 әйел адам) болса, 2009 жылы 927 адамды (470 ер адам және 457 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Инфрақұрылымы

Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қармақшы ауданы елді мекендері