Ала жіп кесу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ала жіп кесуқазақ халқының дәстүрлі іс жүргізу құқығының арнайы институты. Қалыптасқан дәстүр бойынша Ала жіп кесу рәсімі негізінде талапкер мен жауапкердің арасындағы дау-дамайдың аяқталғандығын білдіреді. Әдетте, жіптің бір шетін — талапкер, екінші шетін — жауапкер, ұстап, керіп тұрады. Төрелік айтып, дауды шешкен би, немесе ауылдың құрметті ақсақалы бүкіл халық алдында дауласушылардың арасында керулі тұрған ала жіпті екіге бөліп, кесіп тастайды. Ала жіп кесуден кейін дауласушы жақтардың бір-біріне талап қоюға құқылары жоқ. “Ала жіпті аттамаған” деген сөз осыдан шыққан. Ала жіп кесу дәстүрлі құқықтық санада әділеттіліктің рәмізі, әдептіліктің нышаны ретінде қалыптасып кеткен.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ала жіп кесу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}