Ала жіп аттамау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ала жіп аттамау — Қазақ дүниетанымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде тағы басқа әдет-ғұрып қағидаларында „ Ала жіп “ бейнесі қолданылады. Соның бірі- Ала жіп аттамау деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу „ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама“ деген терең мағынаны білдіреді. Біреудің „мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын“ деген сөзі оның ақ-адалдығын білдіреді.<ref>Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, Атамұра 2010ж</ref>