Алақұрт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Алақұрт (Үлгі:Lang-la) – жәндіктер отрядына жататын бүргелер, бүргелер отрядына жататын арамтамақ жәндіктер, вермипсилләз ауруының қоздырғышы.

Аналығының ұзындығы 6 мм, аталығы кішірек. Орталық Азияда таралған. Жұмыртқаларын қыста топырақтың бетіне салады жаз бойы өсіп-өнеді. Күзде алақұрт жануарға жабысады (жабайы және үй тұяқтыларына әсіресе ешкімен қойларға) соларда қыстайды вермипсиллез дейтін ауру туғызады. Жануарларда (теріні және жүнді жарақаттандырады жас төлдер өте арықтайды).<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Қазақстанның оңтүстігінде таулы аймақтарда таралған. Ұрғашысының ұзындығы 6 мл, ал еркегі одан да кішілеу болады. Ұрғашылары қыста жұмыртқа салады. Ол жаз бойы дамиды, күзде жетілген қуыршақтары жабайы және үй жануарларына (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе) жабысып, өсіп-өнуін онан әрі жалғастырады. Алақұрт жануарлардың қанымен қоректенеді. Онымен шалдыққан малдың қаны азаяды, арықтайды, жүнінің сапасы төмендейді. Күрес шаралары: төрт түлік малдың үстін инсектицидтермен (ДДТ, гексахлорин, креолин) дәрілеу.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub