Алаш Орда қайраткерлерінің тізімі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
- Тағы қараңыз: Алаш Орда
Алаш Орда мүшелерінің тізімі.
№ | Суреті | Есімі | Өмір сүрген жылдары | Әкімшілік-бірлік | Қызметі | Туған жері |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 150px | Уәлитхан Танашев | 1887—1968 | Бөкей Ордасынан | заңгер | Атырау |
2 | 150px | Халел Досмұхамедов | 1883—1939 | Орал облысы | әскери дәрігер | Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) |
3 | Айдархан Тұрлыбаев | 1877—? | Ақмола облысы | заңгер | Ақмола облысы Көкшетау уезі Мезгіл болысы | |
4 | 150px | Ахмет Бірімжанов | 1871—1927 | Торғай облысы | заңгер | Торғай уезінің Тосын болысы |
5 | Халел Ғаббасов | 1888—? | Семей облысы | физик-математик | Семей қаласы | |
6 | 150px | Садық Аманжолов | 1889—1941 | Жетісу облысы | заңгер | Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық ауылы |
7 | 150px | Мұстафа Шоқай | 1890—1941 | Сырдария облысы | заңгер | Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы |
Облыстардан тысқары | ||||||
8 | 150px | Әлихан Бөкейханов | 1866—1937 | Арқа | экономист, Алаш орда үкіметінің төрағасы | Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі |
9 | 150px | Жанша Досмұхамедов | 1887—? | Орал облысы | заңгер | Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы |
10 | Әлімхан Ермеков | 1891—1970 | Қарқаралы | математик | Бөріктас, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы | |
11 | 150px | Мұхаметжан Тынышбаев | 1879—1937 | Жетісу облысы | инженер | Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысы |
12 | Бақтыкерей Құлманов | 1859—1919 | Бөкей Ордасы | шығыстанушы | Астрахань губерниясы Никольск ауылы (қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) | |
13 | 150px | Жақып Ақбаев | 1876—1931 | Арқадан | заңгер | Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы |
14 | Базарбай Мәметов | 1888—1946 | Жетісу облысы | заңгер | Жетісу облысы, Лепсі уезі, Балқаш-Лепсі болысы | |
15 | Отыншы Әлжанов | 1873—1918 | Шығыс Қазақстан | ағартушы-мұғалім | Семей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысы |
Мүшелікке кандидаттар
- Иса Қашқынбаев (1891—1948) — Текеден, дәрігер;
- Нүсіпбек Жақыпбаев (1890—1932) — Жетісу облысынан, дәрігер;
- Ережеп Итбаев (1873—?, 1930 жж. ұсталынған) — Шығыс Қазақстаннан, заңгер;
- Сатылған Сабатаев (1874—1921) — Жетісу облысынан, Қаскелеңнен;
- Есенғали Қасаболатов (1889—1938) — Текеден, дәрігер;
- Батырқайыр Ниязов (1872—1924) — Бөкей Ордасынан, заңгер;
- Мұқыш Боштаев (1888—1921) — Баянауылдан, заңгер;
- Сейілбек Жанайдаров (1884—1929) — Атбасардан, заңгер;
- Сәлімгерей Нұралыханов (1878—?) — Бөкей Ордасынан, заңгер;
- Өмір Алмасов (? —1922) — Торғайдан, халық мұғалімі;
- Сейдәзім Қадырбаев (1885—1938) — Торғайдан, заңгер;
- Аспандияр Кенжин (1887—1938) — Гурьевтен, халық мұғалімі;
- Молданияз Бекімов (1882—?, 1930 жж. соң белгісіз) — Текеден, әскери қызметкер;
- Есен Тұрмағамбетов (? — ?) — Торғайдан;
- Сатылған Сабатаев (құжаттарда — Жанеке, Жапеке) (1878—1938) — Жетісу облысынан, қырғыз, мал дәрігері.
Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері
- Ахмет Байтұрсынұлы (1872—1937) — Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895);
- Мағжан Жұмабаев (1893—1938) — Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітірген (1917);
- Елдес Омаров (1892—1937) — Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911);
- Биахмет Сәрсенов (1885—1921) — Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген (1939);
- Телжан Шонанов (1894—1938) — Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916).