Алаштану ғылыми зерттеу орталығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алаштану ғылыми зерттеу орталығы - Семей мемлекеттік педагогикалық институты жанынан 2008 жылы құрылған ғылыми зерттеу орталығы. Орталықтың құрылуына Семейдің сол жағалауы XX ғасыр басында Алаш қаласы атанып Алашорда тарихында ерекше орыны болуы негіз болды. Орталықтың директоры - Шаңбай Тұрдықұл. Орталықтың қазіргі заманғы білімге негізделген өрісті бағдарламасы жүйелі-кешенді түрде нақтылы ғылыми бағыттармен айқындалған. Орталықтың басым бағыты Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеу. Соның нәтижесінде 100 томдық "Алаш қаласының кітапханасы" сериясы қолға алынды.

Алғашқы 10 кітап осы жылы жарық көрмек. Орталықтың концептуальды бағыты — "Алаш" энциклопедиясын дайындау. Энциклопедияның сөзтізбесі толық дайындалып, талқылауға мамандарға ұсынылды. Орталықтың іргелі ғылыми-зерттеу бағыты - Алаштану мәселелері сериялық ғылыми жинағын қалыптастыру. Алғашқы томдары басылымға дайындалуда. Орталықтың өзекті мәселелер бағыты - Алаш мәдениет тарихы журналында көрініс тауып отырады. Сондай-ақ, жылда дәстүрлі Алаш оқулары ғылыми-теориялық конференциясы өтеді. <ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алаштану ғылыми зерттеу орталығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}