Алашорданың Батыс бөлімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алашорданың Батыс бөлімі, Күнбатыс Алашорда, Батыс Алашорда - XX ғасыр басында Батыс Қазақстан аймағында орнаған ұлттық-мемлекеттік «Алаш автономиясының бір қанаты (немесе құрамдас бөлігі)». 1918 жылы қыркүйекте Уфа Директориясын кұру мәжілісіне Алашорда үкіметі тарапынан 12 делегат қатысты. Олар 11 қыркүйекте автономиялық үкімет төрағасы Әлихан Бөкейхановтың және Халел, Жаһанша Досмұхамедовтер (Орал), Бақтыгерей Құлманов, Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Сағындық Досжанов (Орынбор), Есенғали Тұрмұхамедов, Бижан Жанқадамов (Ақтөбе), сондай-ақ Ахмет Бірімжанов (Торғай), Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев (Жетісу) сияқты үкімет мүшелерінің катысуымен төтенше мәжіліс өткізді.

Мәжілісте Алаш автономиясының жергілікті басқару жүйесі туралы мәселені талқылап, бұрынғы «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметін тарату, оның орнына Алашорданың Батыс бөлімін құру туралы шешім шығарды. Ол ресми түрде «Алаш автономиясының батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше» деп аталды. Оның төрағалығына Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Алашорданың Батыс бөлімінің әкімшілік құзіретіне бұрынғы «Ойыл уәлаятының» жеріне коса Бөкей ордасының, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің (Закаспий облысы) аумағы кірді. Яғии Уфа мәжілісінің шешімінен кейін бұрын «облыстық қазақ комитеті», «Ойыл уәлаяты» аталған Күнбатыс Алашорданың жер аумағы 2 есе өсіп, тұрғын халқының жалпы саны 1,5 млн. адамға жетті.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алашорданың Батыс бөлімі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}