Алатау бәйшешегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Алатау бәйшешегі (Үлгі:Lang-la) – құртқашаштар тұқымдасына жататын, Қазақстан аумағында өсетін, бәйшешектің белгілі түрі. Ірі қиыршық тасты, сазды беткейлерге, шабындықты және далалы учаскелерге тау етегінен орман белдеуінің жоғарғы шекарасына дейінгі бұта иеліктерінде өседі. Жоңғар Алатауында, бүкіл Тянь-Шаньда (Алматы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында) кездеседі. Онша биік емес (10-30 см-ге дейін), сабақ түбінде шоқталған, гүлдері дара, жиірек екі-төрттен воронка тәрізді. Гүлсерігінің жапырақтары аппақ, (ұзындығы 4 см) сырт жағы сұрғылт күлгін, барлық бәйшешектердің сабағы жетілмеген, сондықтан түтік гүлді топырақтың бетіне алып шығады. Аталығы үшеу, қызғылт сары тозаңдарымен, түйін бағанасы ұзын, жіп тәрізді, тісшелі. Дәл осы аналық ауыздағы егістік шафранының бағанын кулинарияда татымдар ретінде пайдаланады. Біз қарастырып отырған түр хош иісті болғандықтан түс бері үшін қолданылады. Бәйшешек жылдың әр түрлі кезеңінде гүлдейді: қаңтар-наурыздан сәуірге дейін, сәуірден мамырдың аяғына дейін, сондықтан оңтүстікте оны «подснежник», қазақша бәйшешек деп атайды. Жемісі (үшұялы қорапша) топырақтың жоғарғы қабатына орналасқан, пісіп болысымен (мамыр-маусым) олардың ұщы топырақ бетінде байқалады. Түр жоғарғы декоративтілігімен, ерте гүлдеуімен бағаланады. Бәйшешектің көптеген баулық сорттарын голландиялық сұрыптаушылар ашқан.<ref>"Қазақстанның өсімдіктер әлемі." энциклопедиясы. Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер