Аламан (мағына)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аламан сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:

  • Аламан жотасы- Шу-Іле суайрығында орналасқан жота.
  • Аламан тышқаны «Түсіндірме сөздікте» егіске үлкен зиян келтіретін ...тышқанның түрі деген түсінік берілген.
  • Аламан (әскер) - жортуылшы топ. Көбіне олжа түсіру үшін шапқыншылық жасауға жиналады. Сонымен бірге елге жау шапқанда қолына қару ұстай алатын адамдардан жиналған халық жасағын да кейбір түркі мемлекеттерінде аламан деп аталған. Қоқан, Бұхар хандықтарында аламан - осындай әскери жасақ болған. Қазақ тілінде аламан сөзінің бұқара, кауым, көпшілік, жалпы халық, бүкіл ел мағынасы сақталған. Сонымен қатар ертеректе хан тұқымына жатпайтын қара халықты да аламан деп атаған.
  • Аламан - көпшіліктің бірігіп, жұмылып атқаратын әрекеті мен қимылы. Қазақ халқы ел ішіндегі ұшыққан істі асқындырмау немесе душпандарын басындырмау мақсатында жұрт болып жұмылып, жұдырықтай түйіліп, әрекет жасап отырған. Қағынған ерт, қабынған дау, асқынған соғысты да аламанға теңеген (аламан соғыс, аламан бәйге, аламан той т. б.).
  • Аламан - күш біріктіру, берекеге келу немесе алауыздықты болдырмаудың әлеуметтік атауы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
  • Аламан - әлеуметтік құрамы әркелкі, хан тұқымына қарасты қараша халықтың атауы. Яғни аламанның әлеуметтік құрамына көшпелі қоғамның Шыңғыс тектілерінен басқа елілердің бәрі жатады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
  • Аламан - тұңғыш қазақ спорт порталы. мекен-жайы: www.alaman.kz

Дереккөздер

<references/>