Аламан айтыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аламан айтыс - теледуманға қатысатын ақындардың сөз аламаны телевизиялық маусым бойы жүретін болғандықтан, жобаның аты осылай өзгертілген (2007). Ішкі мазмұны мен құрылымын да біршама жетілдірдік. <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>

Жобаның формасын қанша өзгерткенмен, мазмұны біреу- ақ. Ол - ақындар айтысының телевизиялық нұсқасы. Ең бастысы, бұл жоба сөз өнерін бар жан-тәнімен сезініп, ұғына алатын ұл-қыздардың өсіп келе жатканың бұқараға таныта алды. Есімі бұған дейін қалың елге беймәлім болған Н.Өмірбаев, Б.Байтуов, О. Отар, Е.Садықұлы, Қ.Шарманов сынды таланттар ұлттық арна арқылы танылды.

Мақсат - алдымен елге қызмет жасайтын, елдің абыройын асқақтатып, қоғамдык сананы тәрбиелейтін өрелі айтыс өткізу және ұйымдастыру. Мақсат - өз аймағында "жүзден жүйрік" шыққан отыз алты ақынның ішінен "мыңнан тұлпар" атанар нағыз таланттарды анықтay. "Аламан айтыстың" өзі "Аталы сөз айтайық алқалы елге, алпыс атан түйеге жүк болардай" деп келген ақындар үшін үлкен мектеп екені даусыз. Жүргізушісі әрі продюсері - Ертай Нүсіпжанов.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}