Активті өзек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Активті өзек — фермент молекуласының субстратқа жабысып, оны өзгерте алатын бір бөлшегі. Активті өзек аминқышқыл қалдықтарының әсерлі бөлшектерінің өзгеше орналасуынан туады. Кейде Активті өзек құруға коферменттер немесе металл атомдары қатынасады. Бір молекулада бірнеше Активті өзек болуы мүмкін. Иммунологияда Активті өзек — антидене молекуласының антигенмен байланысатын жері. <ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>