Активті көмір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Активті көмір, активтелгенкөмір — адсорбтағыш қабілеті күшейтілген кеуек құрылымды көмір. Оның құрамында 87-98% көмір, онымен қоса сутек және оттек болады. Активті көмірді тас көмірден, кокстен тағы басқа құрамында көміртек бар өсімдік материалдарынан (ағаш көмірі, ағаш ұнтағы, өсімдік дәндерінің сүйектері), сондай-ақ шайыр заттарды кептіру, активтеу, синтетикалық полимерлерді термиялық ыдырату арқылы алады. Активті көмір шарап өндірісінде шараптың иісін, дәмін бұзатын еріген газдарды, қант өндірісінде ерітіндіге бөгде түс беретін заттарды сіңіруге қолданылады. Противогаз жасауда, медицинада тағы басқа көптеген салаларда пайдаланылады.

Дереккөздер:

Қазақ энциклопедиясы I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Активті көмір|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}