Актер туралы ой

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Актер туралы ой» – қазақ театрының негізін салушылардың бірі, тұңғыш көркем фильмде Аманкелдінің бейнесін сомдаған Елубай Өмірзақов туралы бір сағатқа созылған әдеби хабар. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

1969 жылы сәуір айында қазақтың ұлы актері Елубай Өмірзақов 70 жасқа толды. Хабарға қатысқан Шәкен Айманов, Сәбира Майқанова, Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров өз замандастары туралы ой бөлісті. Сол кезде науқастанып жүргеніне қарамастан Елағаң төсектен басын көтеріп, өзінің сүйікті әні «Нақ-нақты» айтып береді.

Бұл хабарда бұрын жұртшылыққа беймәлім фотосуреттер тұңғыш рет көрсетіліп, актер өмірінің қызғылықты сәттерін замандастары ерекше шабытпен баяндайды. Хабардың авторы — Сұлтан Оразалы, режиссері – Шырын Агишева.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}