Ай-тодор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Cape Ai-Todor.jpg
Ай-тодордағы әйгілі "Қарлығаш ұясы" сарайына көрініс

Ай-тодор (Үлгі:Lang-uk, Үлгі:Lang-crh) - Қырымның оңтүстік жағалауындағы мүйіс.
Ялтаның оңтүстік-батысында 8,5 км жерде. Ялта қолтығын батыс жағынан орап тұрады. Могаби тауының Қара теңізге тік жартастанып, тіреліп тұрған әк тас сілемдері.
Сол сілемдердің бірінде 19-шы ғасырдың аяғында псевдоготика стилінде салынған атақты "Қарлығаш ұясы" атты сарай бар.
І-ІІІ ғасырдағы Римнің Хараке әскери лагерінің қалдығы сақталған.
1835 жылы ең оңтүстік сілемінде Ай-тодор шамшырағы орнатылған. Шамшырақ бүгінгі күнге дейін кемелерге жолын көрсетіп тұрады.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998