Айқын Ойратұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айқын Ойратұлы (972 жылы 28 қарашада Көкшетау облысы Куйбышев қала үлгісіндегі кентінде туған) - Қазақ. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі


Өмірбаяны

Көкшетау мемлекеттік университетін, «Фемида» Қарағанды заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Куйбышев аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының автобазасында слесарь болып бастаған.

1997 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

2004-2011 жж. «News Print» ЖШС жетекшісі («Московский комсомолец в Казахстане» газетін шығару).

2005-2006 жж. – Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы. Партияны тіркеген мезгілден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі.

2007 ж. - ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі.

2004 және 2007 жж. - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына ҚКХП атынан депутаттыққа кандидат болып қатысты. 2007 және 2011 жж. ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары.

2012 жылғы қаңтар айынан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Үйленген, екі баласы бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер